Шымкентте ыстық су мен жылу ерте өшірілмейді

248
Ыстық су

Жылу беру маусымы аяқталмай, ыстық су уақытынан бұрын өшірілмейді. Қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов осылай нақтылады.

Ыстық суЕңбекші ауданының үй төрағалары мен көше басшылары қатысқан жиында жылу маусымы мен қазір қолға алынған шаралар туралы айтылды. Бұл жиынның өтуіне тұрғындардың өзі түрткі болды. Көптеген тұрғындар ауа райының жылынуына байланысты пәтерлерінің де ысып кеткенін, жылуды ертерек өшіруге мүмкін болар ма екен деген тілегін жеткізді.

Алайда, қала басшылығы белгіленген мерзімнен бұрын жылу маусымын тоқтатпайтындарын айтты. Себебі, синоптиктердің болжамынша, наурыздың 10-ы мен 20-сы аралығында күн қайта сууы мүмкін.

Бүгінде «3 энергоорталық» мекемесінен беріліп жатқан жылу темперетурасы 65 градус шамасында. Сала мамандары бұл барынша төмендетілген температура екенін айтады. Оның үстіне, қала тұрғындарының өзі кешкі уақытта пәтерлердің аздап салқындайтынын мойындайды. Үлкендер мен балаларға оның өзі де қиын.