Шымкентте жаяу жүргіншіні полиция көлігі қағып кетті

486

Шымкентте 17 наурызға қараған түні полиция көлігінің қатысымен жол апаты болды. Сағат 21:30 шамасында арайы көлік жаяу адамды қағып кетті, деп хабарлайды «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі.

Шымкентте жаяу жүргіншіні полиция көлігі қағып кетті

Куәлердің айтуынша, полицияның арнайы көлігі Лада Приора көлігінің соңынан келе жатқан. Қалай болғаны белгісіз, алдарынан жаяу жүргінші шыға келген. Лада көлігі бұрылып кетіп, бағананы соққан. Ал полиция көлігі жаяу жүргінщіні соғады. Ол 1981 жылы туған жергілікті тұрғын екен. Көршілері танып отыр.

Шымкентте жаяу жүргіншіні полиция көлігі қағып кетті

Қатты соққыдан жәбірленуші бірнеше метр жерге ұшып кеткен. Ауыр халде жатқан ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Қазір дәрігерлер көлік қаққан азаматтың өмірі үшін күресуде.