Шымкенттің полицейлері велосипедке мінді

200
Полиция велосипедке мінді

Шымкенттің полицейлері велосипедке мінді. Екі дөңгелекті көлікке мінгендер саябақтардағы тәртіпті бақылайтын болады. Бұл туралы КТК жаңалықтары хабарлайды.

Полиция велосипедке мінді
Фото: //instagram.com/dudoser

Осылайша жергілікті полиция қызметкерлері жаяу жүрген кездегіден жылдамырақ қозғалып, қоғамдық тәртіпті бақылайды. Бұл бастаманы қолға алған қалалық әкімдік өкілдері инспекторларға арнап 10 велосипед сатып алған. Енді бұзақылардың полицейлерден қашып құтулы екіталай дейді жауаптылар.

Полиция велосипедке мінді

Жергілікті полиция полкы командирінің орынбасары Ерлан Ермекбаевтың айтуынша, бұл патрульде тек сержанттар болады. Олардың жұмыс тәжірибесі маңызды емес. «Жасы мен салмағына қарамастан, қызметкерлеріміз велосипедке отырып, саябақтардағы тәртіпті қадағалайды» деді ол.