«Қазақзергер» салонында көрме ашылды

276

Қазақтың қайталанбас ұлттық нақышындағы әшекейлерді шетелдік қолөнершілер де ұлықтап жүр. Ресей мен Армения елдерінің шеберлері Шымкенттегі «Қазақзергер» салонында аталған бұйымдар жиынтығынан көрме өткізді. Ондағы озық туындыларды сатып аламын деушілерге есік ашық. Он күнге жоспарланған көрмеде талайлар таң қалатын тың дүниелер қойылған.

"Қазақзергер" дүкені

Ерекше әшекейлерге қызығатын Меруерт Абаева іздегенін «Қазақзергер» дүкенінен тапты. Мұнда көздің жауын алатын сан алуан бұйым бар. Жалт-жұлт еткен әдемі әшекейлерге арулар аса әуес. Талғам мен таңдауға лайықтысын нәзік жандылар осында тапты.

Отандық дүниелермен қатар мұнда Ресей мен Армения шеберлерінің қолынан шыққан құнды бұйымдар да көрмеге көрік берді. Кәсіби зергерлердің талғампаздығы мен жасампаздығының үйлесімдігінен туындаған әшкейлерде қазақ нақыш басым. Шетелдік шеберлердің келісімімен мұндағы тұтынушыларға 40 пайыздық жеңілдік те қарастырылыпты.

Эльмира Бегманова, Шымкент қаласындағы «Қазақзергер» салонының директоры: «Біздің дүкен ұжымы барша қала тұрғындары мен қонақтарын «Қазақзергерге» шақырады.»

Аталған көрме 7-18 сәуір аралағында өтеді. Ұйымдастырушылар талайлар іздеген тың дүниелерді осында табуға кепілдік береді. Сондықтан мүмкіндікті мүлт жібермей, «Қазақзергердің» бұйымдарына зер салып көріңіз деп кеңес етеді.