8 наурызда қыз-келіншектерге сыйлауға болмайтын 9 түрлі сыйлық

Әйелдер 8 наурызда өздері қаламайтын сыйлықтардың тізімін жасапты. Олардың ішінде арзанқол әшекей бұйымдар мен гигиеналық заттар және сувенирлер көш бастап тұр. Мұндай рейтингті мереке қарсаңында Men’s Health журналының тапсырысымен Superjob.ru порталының зерттеу орталығы жүргізген. Аталған шараға Ресейдің бір мың алты жүзге жуық әйел азаматшасы қатысқан, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

newsru.com сайтында хабарлағандай, ең арзан әшекей бұйымдарды сұрастырған 100 пайыз әйелдердің 58 пайызы сыйлыққа алуды қаламайды екен. Олар бұл ойын сайтта «Мен әшекей бұйымдарды өте қатты жақсы көремін, әрине әдемі әрі сапалысын. Егер маған әшекей заттарды сыйға тартса, олар менің ең жақындарым және қандайын қалайтынымды білетіндер» – деп білдірген.

Екінші орында гигиеналық заттарды сыйға тарту – әдепсіздік деп жазған қыз-келіншектердің 42 пайызы. Ал 41 пайызды құраған дауыс бойынша төтенше сжасалатын сыйлықтарды олар мүлдем күтпейді екен. Өйткені парашюттан секіру, олардың  ойына тек қорқыныш ұялататынын нәзік жандылар жасырмай жазған.

Тізімдердің қатарында сондай‑ақ салпыншақ ілмектер мен сувенирлер, мүсіншелер де бар. Мұндай сыйлықты әйелдердің 38 пайызы қаламайтын көрінеді. Ал тұрмыстық техникаларды олар сыйлық емес, үй шаруашылығына қажетті ыдыстар деп біледі.

Нәзік жандыларды 12 пайызы  8 наурызға сыйлық ретінде фитнес-клубка абономент алуды армандаса, 11 пайызы дүкенге арналған сертификат алуды жөн санайды екен.

Ал зерттеуге қатысқан олардың 5 пйызы тіпті мееркеде қандай сыйлықтың көңілінен шығатынын дөп басып айта алмаған. «Кез келген сый көңілді білдіреді» деген пікірге тоқталған.

Ер кісілерге көмек көрсету мақсатында социологтар мұндай зерттеу жұмыстарын өткен жылы да жүргізген. Былтыр ұнамсыз сыйлықтардың тізгінін үй жануарлары алса, екінші орынға спорттық құралдар мен жұмсақ ойыншықтар тұрақтаған. Олардың соңынан ақша мен асхана жаюдықтары және ішкі киімдер де бар.