Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды

387
Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды
Күдікті қыз

Шымкенттің поилцейлері әмиян ұрлаған деген күдікпен 22 жастағы қызды ұстады. 12 сәуір күні сағат 19:15 шамасында Әл Фараби полиция бөлімінің кезекшісіне жолаушы қоңырау шалып, көмек сұрайды. Оның айтуынша, Тәшенов көшесіндегі автобус аялдамасында әмияны ұрланған.

Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды

Оқиға орнына жеткен полицейлерге жәбірленуші автобусқа отыратын кезде сөмкесінен белгісіз біреу ақшасы мен әмиянын ұрлап алғанын айтады.

Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды
Күдікті қыз

Қалалық жергілікті полиция қызметінің жүргізген жедел іс-шарасы негізінде бейнебақылау камераларының көмегімен Шымкенттің 1994 жылы туған тұрғыны ұсталды. Полицейлер бұл қыздан ұрланған әмиянды тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі.

Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды

Оқиғаның орын алу барысын анықтау үшін күдікті Әл Фараби полиция бөліміне жеткізілді және қылмысты кодекстің 188-бабымен (ұрлық) іс қозғалды. Қазіргі таңда бұл қыздың өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автобуста әмиян ұрлаған қыз ұсталды