Балықты тоқпен аулағандар ұсталды

551
Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Уылдырық» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. 7 сәуір мен 30 мамыр аралығында өтіп жатқан рейдтің мақсаты – облыс аумағындағы браконьерліктің жолын кесу, табиғатты қорғау бойынша заң бұзушылықтың алдын алу, балық ресурстарын, су жануарлары мен өсімдіктерді қорғау.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Рейдтік іс-шараға жүзден аса полицей мен табиғатты қорғау инспекторлары жұмылдырылды. Тексерудің алғашқы күндері тәртіп сақшылары 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады және заңсыз балық аулауға қатысты 1 қылмысты іс қозғады.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды
Балықты тоқпен аулаған кісі

 

Нақты айтқанда, 12 сәуір күнгі рейд кезінде Отырар аудандық жергілікті полиция қызметкерлері Ақсу өзені жағалауында рұқсат етілмеген құралмен заңсыз балық аулап жүрген жерінен 1982 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Ол тоқпен балық аулап жүрген жерінен қолға түсіп отыр. Браконьерден үрмелі қайық, аккумулятор, ток көбейткіш құрал және 2,5 келіге жуық ауланған балық тәркіленді.

Балықты тоқпен ұрып, аулағандар ұсталды

Бұл факті Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестіріне тіркеліп, қылмысты кодекстің 335-бабымен (балық ресурстарын, басқа да су жануарлары немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмысты іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер, сонымен қатар, 8 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартып, 60 мың теңгеден көп мөлшерде айыппұл салды.