Нұрсәтте ыстық су қосылды

221
Ыстық су

Ыстық суШымкенттегі Нұрсәт шағынауданына бүгіннен бастап ыстық су беріле бастады. «Қуат жылу орталығы» мекемесіне қарасты әкімшілік-іскерлік орталығындағы қазандық алдымен 24 тұрғын үйді қамтуға кірісті.

Енді бұл баспаналарға 64 градусты құрайтын ыстық су таратылады. Оның бағасы тұрғындар үшін әр текше метрі 300 теңгеге тең.

Мекеме инженерлері әзірге бір ғана қазандықты іске қосқан. Өйткені Нұрсәттегі ыстық суға қосылған тұрғын үйлердің саны аз.