Оңтүстік сотқа жолданған іс бойынша көш бастап тұр

283
Бала сатуға қатысты сот

Сотқа іс жолдау бойынша Оңтүстіктің полицейлері республикада көш бастап тұр. Кейде халықтың наразылығын жиі тудыратын құзырлы орган өкілдерінің тындырымды тірліктері көп болып шықты.

Бала сатуға қатысты сотМәселен, жыл басынан бері 2140 қылмысты іс сотқа жолданған. Бұл туралы облыстық ішк істер департаментінің тергеу басқармасының бастығы Нуриддин Дауылбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Оңтүстікте ауыр қылмыстың саны өткен жылмен салыстырғанда 293 оқиғаға көбейген.

Бұл жолғы кездесуде басқарма бастығы тілшілерге полицейлердің тек оңды істерін баяндады. Бірақ бұған дейін тергеу кезінде тәртіп сақшыларының жіберген ағаттықтары жөнінде тіс жармады.

Лаура Мамырова