Пәтер тонауға қатысы бар күдікті ұсталды

215
Пәтер тонауға қатысы бар күдікті ұсталды
Күдікті

Қаладағы пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген күдікті ұсталды. Әл Фараби ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі көп қабатты үйлердің бірінің алдында айналсоқтап жүрген азматты байқайды.

Ол біресе ауладағы орындықта ұзақ отырып алып, біресе бірінші қабаттағы пәтерлердің терезесінен сығалап жүрген.

Пәтер тонауға қатысы бар күдікті ұсталды
Күдікті

Жүрісі күдік тудырған азаматты полиция қызметкерлері ұстап, тірек бекетіне алып келді. Осы жерде 41 жастағы кісінің сөмкесінен бірнеше ондаған кілт шықты.

Пәтер тонауға қатысы бар күдікті ұсталды

Бұл азамат осы кілттердің бірін теру арқылы үйге кіріп, тірлігін тындырып келген екен. Әккі ұры құнды әрі шағын заттарды ғана қолды етіп отырған. Тәртіп сақшылары оның күндіз жұрт жұмыста кезін пайдаланып, ұрлыққа түсетінін айтып отыр. Жергілікті полиция қызметкерлері күдіктіні тергеушілерге тапсырды. Тергеу барысында оның қанша пәтер ұрлығына қатысы бары және шығын көлемі анықталады.

Ернар Балабеков