Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды

716

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Еркін Жүсіпов тағайындалды.

Еркін Жүсіпов
Еркін Жүсіпов

Еркін Наурызбайұлы 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – архитектор.

Еңбек жолын 1982 жылы Түркістан қалалық архитектурасының архитекторы болып бастаған. Кейін «Южгорсельпроект» институтының архитекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша пластикалық өнер ассоциациясының вице-президенті, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет бөлімінің бас архитекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет қала құрылысы басқармасының бастығы, «Сәулет-LTD» ЖШС-нің жобалардың бас архитекторы және директоры, Кентау, Түркістан және Өскемен қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың ақпан айынан бастап Кентау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып қызмет етіп келді.