Шымкентте егілген шыршалар ұрлануда

432
Шымкентте егілген шыршалар ұрлануда

Шымкенттегі саябақтарда жерсіндірілген шыршалар ұстағанның қолында кетуде. Одан келген шығын 500 мың теңгені құрайды.

Шымкентте егілген шыршалар ұрлануда

«Жасыл қала» мекемесінің мамандары 10 қымбат көшеттің ұрланғанын айтып, дабыл қағуда. Жауапты мамандардың айтуынша, Бәйдібек би және әкімшілік-іскерлік орталығындағы аллеяда, сондай-ақ, Жеңіс саябағынан қылқан жапырақты және аққайың көшеттері қолды болған. Олардың әрқайсысының бағасы 40-50 мың теңге тұрады дейді мамандар.

Шымкентте егілген шыршалар ұрлануда

Осыған байланысты жауапты мекеме құқық қорғау органдарына арызданыпты. Бірақ тәртіп сақшылары тірлікке кірісер емес дейді олар.