Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

445
Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

Шымкент қаласындағы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне қарасты жаңа ғимараты салтанатты рәсіммен ашылды. Жаңа нысан жұмыс іздеп келген әр азаматқа сапалы қызмет ұсыну мақсатында пайдалануға беріліп отыр.

Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

Мекеме ішіне заманауи электронды терминал қойылып, қызмет көрсету түріне қарай әр маманға тиісті нөмірленген табло орналастырылды. Мұндағы жаңа қондырғылар жұмыс іздеушілердің себепсіз кезек күтпеуін қамтамасыз етіп, алдын ала өз таңдауына қарай анықтама алуына мүмкіндік береді.

Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

Аталмыш ғимараттың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, шаһар тұрғындары үшін істелініп жатқан игі бастамаға сәттілік тіледі.

– Қаламыздағы тұрғындар санының артуымен жұмыссыздық өзекті мәселеге айналып отыр, – деді қала әкімі. – Біз осы түйінді шешу үшін қала орталығынан озық технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратты шаһар тұрғындарына қызмет көрсетуге беріп отырмыз. Әлемнің дамыған елдеріндегідей еңбек биржасын құрып, түрлі жұмыс орындарын ұсынуды жоспарлап отырмыз.

Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

Сондай-ақ, орталықта жасы ұлғайған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы қызмет түрлері де ұсынылып отыр. Атап айтар болсақ, құлағы нашар еститін және көзі нашар көретін, бірақ еңбекке қабілетті азаматтарға сурдо-аударма маманы қызмет етеді.

Шымкенттің жұмыспен қамту орталығы жаңа технологиямен жұмыс істей бастады

Күніне 110 азаматқа бос жұмыс орындары бойынша жолдама беріліп, сапалы қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықтағы 7 бөлімде 53 маман қызмет етуде.