Стадиондағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі уақытша тоқтатылды

328
Шымкент. Жәрмеңке
Шымкент. Жәрмеңке

Шымкент қаласының тұрғындары үшін шағын хабарландыру. 9 сәуір, сенбі күні Қажымұқан атындағы орталық стадион маңында өтетін азық-түлік жәрмеңкесі болмайды.

Шымкент. Жәрмеңке

Осындағы арзан бағада жүзеге асырылатын сауда бір аптаға тоқтатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Оған себеп – ауқымды іс-шара өткізіледі. Ал қаланың өзге аймақтарындағы, атап айтқанда, «Рахима-Плаза» сауда орталығы мен металлургшілер саябағы жақтағы жексенбілік жәрмеңкелердің өту кестесінде өзгеріс жоқ.