Төбелескен мектеп оқушылары анықталды

353
Төбелескен мектеп оқушылары анықталды
Видеодан скриншот

Шымкенттің полицейлері жеткіншектер арасындағы төбелеске кімдер қатысқанын анықтады. Олар қаладағы мектептердің бірінде оқитын 6-сынып оқушылары болып шыққан. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Төбелескен мектеп оқушылары анықталды
Видеодан скриншот

Еске салайық, таяуда «Ютуб» желісінде Шымкенттегі мектеп оқушыларының төбелесі жарияланып, тарап кеткен болатын. Ол жазбада бір топ бала құрдасының сөмкесінен тартқылап, күш көрсеткені көрініп тұр.

Іздеу-анықтау жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары жеткіншектердің Максим Горький атындағы мектепте оқитындарын анықтады. Мектеп басшылығы бұл оқиға Жеңіс саябағында болды деп отыр. осыған байланысты оқушылар мен олардың ата-аналары түсінік берген.

Жеткіншектермен және олардың ата-аналармен Еңбекші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары да кездесіп, әңгімелесті. Анық болғаны, төбелеске қатысқандардың бір-біріне айтар шағымы жоқ.

Дегенмен, бұл факті Еңбекші полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде қылмысты кодекстің бұзақылыққа қатысты 293-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру жалғасуда.