Зообаққа жаңа аңдар жеткізілді

834
Зообақ

Шымкенттегі хайуанаттар бағы тағы да аң-құспен толыќты. Биіктігі 13 метрлік жасанды төбені енді көк қошқар, теке мен арқар және өзге де тұяқ жануарлар мекендейтін болды. Осы арқылы тау мен тасты кезген бұл жануарлардың еркін шарлауына жағдай жасалған.

Зообақ

Қала жұртының көз қуаншына айналып келген хайуанаттар бағына 6 арқар, 2 көк қошқар және ерекше үлгідегі 3 теке жаңадан соғылған жасанды тау жобасына жіберілді. Зообақ басшылары осы жобаға сәйкес көк қошқар мен тау текесін шетелден арнайы алдырған, қалғандары бұған дейін де хайуанттар бағын мекендепті.

Латипша Алиев, зообақ директорының орынбасары: «Арқар мен муфлондар осы хайуанаттар бағында мекендеген, ал қалғандары Новосібір бағынан әкелінді.»

Тұяқтыларды жаңа ортаға жібермес бұрын жасанды төбе толықтай тексеруден өткен. Бұған дейін талаптарға сәйкес болмаған жоба пайдалануға берілмеген еді. Еркіндікке үйренген аңдарға кең орта қажет делінген.

«Дәл осы таудың талап сәйкес емес тұстары көп. Құрылысшылар бәрін жөнге келтіргенге дейін осы ортада мекен ете береді. Аңдарға ешқандай қорқыныш жоқ.»

Нысанның сыртынан бөлек ішіндегі кем-кетіктері де жетерлік. Мұнда тұяқтылардың тар қапаста қалып, будандасуына арнайы орын қаралмағаны да бар. Алайда, хайуанаттар бағының мамандары бұл мәселенің шешімін тауып қойдық деп ағынан жарылды.

Қазіргі уақытта аңдар бірге мекен етуде. Күз мезгілінде хайуанттарды бөлсек, күн жылығында қайта басын қосып, будандастырамыз.»

Мамандардың жаңадан әкелінген жануарлардың жерсініп, жаңа ортаға үйреніп кететініне сенімдері мол.

Ғалымжан Кенжебек