Кене шаққандар көбейіп кетті

330
Кене - безгектің негізгі таратушысы

Бүгін белгілі болғандай, Оңтүстікте қырым қанды безгегіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары әлі басталмадын. Сала мамандарының мәлімдеуінше, дәрі әлі күнге дейін жеткізілмеген. Себебі мемлекеттік сатып алу конкурсы кешеуілдеп жатқан көрінеді.

Кене - безгектің негізгі таратушысы

Есесіне биыл кенеге таланған жерлестеріміздің саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда екі есеге көп. Нақтырақ айтсақ, 1643 күнгейлікті кене шағыпты. Зертханада тексерілген 12 мыңнан астам кененің 59-ы қырым қанды қызбасына оң нәтеже берген.

Десе де бүгінгі таңда жергілікті бюджеттен буферлік аумақтарды дәрілеуге қаражат бөлінген. Шымкент қаласы бойынша 4 млн теңгеден астам қаражатқа дәрі алынбақ.

Осы қаржыға зарасыздандыру жұмыстары басталатын болды. Ал кенеге қатысты қандай да бір оқыс оқиғаға тап болсаңыз, жедел-жәрдем көмегіне емес, жұқпалы аурулар аураханасына хабарласыңыз. 49-03-09 телефоны арқылы дәрігерлерді шақырта аласыз.