Шымкент қалалық әкімдігінің қызметкерлері де ардагерлерді ардақтауға кірісіп кетті. Мереке қарсаңында қарт жауынгерлердің басын қосып, жөн-жоралғысын жасаған билік өкілдері оларға отандық дизайнмен тігілген костюм-шалбар кигізіп, қомақты сый-қаржы табыстады.
Кеуделері орден мен медальдерге толы ата-апаларымызға қала әкімдігі арнайы мерекелік дастархан жайды. Салтанатты шараға облыс әкімінің құттықтауын арқалап, оның орынбасары Ұласбек Сәдібеков келді.
Шерим Сауранбаев сұрапыл соғыс жылдары үш рет тұтқында болып, жеңіс күнін польшада қарсы алған. Қарт майдангердің бүгінгі тілегі елінің тыныштығы.
Жеңістің 71 көктемін қала бойынша … майдангер ,, … тыл ардагері қарсы алуда. Олардың әрқайсысына әкімдік 210 мың теңге қаржылай сыйақы берді. Ал демеушілер ардагерлерге бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Қала әкімдігі жыл сайынғы дәстүр бойынша ардагерлерді ардақтап, ерліктеріне алдында бас иді. Әрбір соғыс арадагерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға сөз берді.
Гүлжан Байназарова