Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады

303
Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады
Фото: //bizgaz.ru
Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады
Фото: //bizgaz.ru

Шымкент IT технологияның даму алаңына айналады. Облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев осылай деп мәлімдеді.

– Бүгінде IT-технология – бизнесті бастау үшін нағыз әлеуеті бар сала. Осы тұрғыда Шымкент қаласындағы жоғары, арнаулы оқу орындары, денсаулық сақтау, өнеркәсіп салаларына жаңа технологияларды енгізу қажет, – дейді Сапарбек Құрақбайұлы. – Сол арқылы шаһарда шағын бизнесті дамытуға басымдық беруге болады. Әсіресе, жастар көп шоғырланған Шымқала үшін бизнес инкубатор жобалары мен жаңа технологияларға қатысты тың идеяларды қолдауға, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беруге болады.

Қазіргі таңда IT-сыз өмірді елестету күннен күнге қиын екендігін тілге тиек еткен өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов бұл тиімді жағдайды кәдеге жаратуға Шымкент қаласының толық мүмкіндігі бар екенін айтып өтті. 250 мыңнан астам жастар өмір сүріп отырған қаламызда IT-технологияны дамыту үшін көп шығын кетпейді. Себебі, бұл таза ақыл-ой еңбегінің жемісі, дейді билік өкілдері.