Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде

142
Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде

Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде. Тәртіп сақшылары ол жігіт түрлі сауда орындарының иелері мен қызметкерлерін алдып, ақша алған деп отыр.

Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз жігіт сенімдеріне кіріп, ұялы телефоны немесе көліктің кілтін кепілдікке қалдыра отырып қарызға ақша алған.

Мысалы, 15 мамыр күні Әл Фараби полиция бөліміне 48 жастағы Шымкент тұрғыны шағымданып келді. Айтуынша, дүкеніне келген белгісіз азамат сеніміне кіріп, 30 мың теңгесін алған. Содан кейін ізін суытыпты. Жас жігіттің жүріс-тұрысы камерадағы бейнекамераға жазылып қалған.

Шымкентте алаяқтыққа қатысты күдікті іздестірілуде

Осы факті тіркеліп, қылмысты кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өңірдің полицейлері осы күдікті жайлы кез келген мәлімет білетін тұрғындарның 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.