Шымкентте жоғалған келіншек кісі өлтірудің құрбаны болған

236
Шымкентте жоғалған келіншек кісі өлтірудің құрбаны болған
Күдікті кісі

Шымкентте із-түссіз жоғалған келіншек кісі өлтірудің құрбаны болған. Мұны Абай полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап отыр, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, таяуда өңірлік ақпараттық ресурстарда Шымкент қаласының тұрғыны, 33 жастағы Ольга Новикованың із-түссіз жоғалғаны хабарланған болатын. 5 мамыр күні полиция бөліміне Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің әйелі, 1983 жылы туылған Ольга Новикованың үйінен шығып, қайта оралмай із-түссіз жоғалғаны туралы арызданған.

Шымкентте жоғалған келіншек кісі өлтірудің құрбаны болған
Ольга Новикова

Бір апта өткен соң, 11 мамыр күні Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жас әйелдің өлі денесін тапқан. Марқұмның із-түссіз жоғалған Ольга Новикованың денесі екені анықталады.

Сараптама нәтижесінде марқұмның жабық түрдегі бас сүйек-ми жарақат алғаны анықталды. Осыған байланысты кісі өлтіру бойынша қылмысты іс қозғалып, Абай полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысқа қытысы бар деген күдікпен 1973 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады.

Шымкентте жоғалған келіншек кісі өлтірудің құрбаны болған
Күдікті кісі

Алдын ала дерек бойынша қылмыстың орын алуына екі арада болған ұрыс себепкер болуы мүмкін. Күдікті марқұмның ақшасын және өзге де бағалы заттарын алып, оқиға орнынан қашып кетіпті.

Қазір қолға түскен азамат қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.