Тұрақтандыру қорында құмшекер жеткілікті ме?

630
құмшекер

Оңтүстіктегі бағаны тұрақтандыру қорында құмшекер тапшы. Әлеуметтік дүкендердің бірінде шекер бағасы тым қымбат болса, енді бірінде мүлдем жоқ.

құмшекер

Қаладағы сауда орындарында құмшекер жоқ емес, бар. Бірақ, бағасы тым қымбат. Көтерме сауда орындарында қанттың бір келісі 120 -130 теңге аралығында босатылса, бөлшек саудадағы бағасы 260 теңгеге дейін жеткен.

Тұрақтандыру қорының әлеуметтік бағада сататын өнімдердің арасында құмшекерді таппайсыз. Сатушылар тез сатылып кетеді дегеннен әрі аса алмайды.

Тұрақтандыру қорынан бұл орындарға өнімдерді жеткізу міндеті «Шымкент әлеуметтік-кәсіпкерлік» корпорациясына жүктелген. Ал азық-түлік тауарларының тізімін облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қоры комиссиясы бекітеді.

Тұрғындардың құмшекер тапшылығына қатысты наразылығын жауаптыларға жеткіздік. Сөздеріне сенсек, бағаны тұрақтандыру қорында шекер жеткілікті көрінеді.

Тағы бір күрделік – тұрақтандыру қорынан картоп, пияз қоймадан іріктелмей жеткізіледі. Дегенмен, сапасы көңілден шықпаса да, бағасы қол жетімді дейді шымкенттіктер.

Шынар Оразова