Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

268
Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы белгілі болды. Бес күнге созылған рейд кезінде жергілікті полицияның жеке құрамы мен ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Атап айтқанда Шымкент пен Түркістан, Сарыағаш және Жетісай қалаларының шығатын және кіретін жолдарында түнгі уақытта патрульдік жасақшалар арнайы жасақ қызметкерлерімен күшейтілді.

Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Бес күндік рейд кезінде жол қозғалысы саласы бойынша 5507 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде 889 жүргізуші көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланған. 1248 жағдай қауіпсіздік белдігін тақпауға, 236 факті – жылдамдықты арттыруға, 225 жағдай маневр жасау тәртібін бұзуға қатысты. Бұған қоса 440 жаяу жүргінші мен 380 қоғамдық көлік жүргізушісінің үстінен хаттама толтырылды.

Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Құқық бұзушылық жасаған қоғамдық көлік жүргізушілерінің және тасымалдаумен айналысатын мекемелерінің тізімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларымен бірге ОҚО бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына шара қолдану үшін жолданатын болды.

Оңтүстікте «Қауіпсіз жол» рейді кезінде бес мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді