Шымкент әкімі қала көшелерін аралап шықты

339
Шымкент әкімі қала көшелерін аралап шықты

Шымшаһар басшысы қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты. Бұл туралы қалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент әкімі қала көшелерін аралап шықты

Ғабидолла Əбдірахымов қала көшелеріндегі жағдайды тексеру барысында бірнеше кемшілікті анықтады. Нақты айтқанда, Əл Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толық қойылмаған. Оған қоса жолдың жағасындағы арықтың беті ашық, темір тормен жабылмаған. Соның салдарынан қала тұрғындары аяқ жолдарға шығу үшін арықтан аттап өтуге мəжбүр болуда.

Шымкент әкімі қала көшелерін аралап шықты

Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоғын көрген қала басшысы əкімдік қызметкерлеріне алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып, жолдың жағдайын үнемі бақылап отыруды тапсырды. Əкім Шымкенттің көшелері заманауи мегаполиске лайықты болу қажеттігін атап өтті.