Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады

368
Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады

Оңтүстікте жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады. Бұл туралы қалалық әкімдік қызметкерлері хабарлайды.

Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады

Осыған орай Шымкентте «100 нақты қадам» ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру саясаты аясында ашық есік күні өтті. Шара барысында жергілікті атқарушы органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады

Аталған ашық есік күніне қаламыздағы жоғары оқу орындарының бітіруші түлектері, оқу орындарын бітірген жас мамандар шақырылды. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда өңірдегі жергілікті атқарушы органдарда 200-ден астам бос мемлекеттік әкімшілік лауазым бар.

Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады

Шымкент қаласы бойынша «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша биылдың бірінші тоқсанында әлеуметтік жұмыс орындарына 1437 адам жіберілсе, жастар практикасына 1355 маман жолдама алып отыр. Ал тұрақты және жаңа жұмыс орындарына орналасқандардың саны 1862 адамды құрады.

Жергілікті билік жас мамандарды жұмысқа шақырады