АҚШ марафоншысы Сарығашқа жетті

295
АҚШ марафоншысы Сарығашқа жетті

Сарыағаш ауданының Жібек жолы кеден бекетінен АҚШ-тың әйгілі ультрамарафоншысы Дин Карназесті аудан тұрғындары мен спортшылары салтанатты түрде күтіп алды.

АҚШ марафоншысы Сарығашқа жетті

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы дипломатиялық қатынастың 25 жылдығына орай америкалық марафоншы Дин Карназес Ұлы Жібек жолымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан арқылы 29 маусым мен 10 шілде аралығында жүгіріп өтпек. Ультрамарафон АҚШ мемлекетінің демеушілігімен екі ел арасындағы дипломатиялық арақатынастың 25 жылдығы аясында өткізілуде.

Жүгіруді Ташкент қаласынан бастаған Дин Карназес Қазақстан арқылы Қырғызстан Республикасына жетіп, одан қайта Қазақстан Республикасына оралып, Алматы қаласында марафонды аяқтауды жоспарлап отыр.

Ал бұл жолы Сарыағаш ауданынан жүгіріп өткенде спортшы ондағы жергілікті жастармен, студенттермен және осы спорт түріне қызыққан жұртшылықпен бірге межелі жерді жүгіріп өтті.