ОҚО прокурорлары 60-тан аса мемлекеттік конкурсты бұзған

275

Жыл басынан бері жергілікті прокурорлар 60-тан аса мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындыларын бұзған. Нәтижесінде 5,5 млрд теңгеден астам қаржының заңсыз жаратылуына тосқауып қойылды.

прок

Тексеру шараларының қорытындысында орган қызметкерлері мемлекет бюджетіне 31 млн теңгеден астам қаражат өндіріп отыр. Бұл туралы прокуратура қызметкерлерінің жарты жылда атқарған жұмыстары талқыланған алқа мәжілісінде айтылды.

Алты айдың ішінде прокурорлық тексерулер нәтижесінде бюджетке 9 млрд теңгеден астам қаржы өндірілген. Талан-таражға түсе жаздаған теңгенің есебін шығарған облыс прокуроры бұл ақшаға бір емес, бірнеше әлеуеметтік нысан салуға болатынын айтты.

Басқасын айтпағанда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тиесілі қаражат та талан-таражға түскен. Прокурорлар бір ғана Мақтаарал ауданында әлеуметтік осал топқа бөлінген 2, 8 млн теңгенің мақсатсыз жұмсалғанын әшкерелеп берді. Жыл басынан бері қадағалау органы қызметкерлері облыста атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз тағайындаудың 80 дерегін анықтаған.

Мемлекеттік сатып алуларда да заңсыздықтар жетерлік. Бір ғана мысал, Шымкенттегі 93 көшені орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жарияланған конкурстар кезінде қатысушылардан мемлекеттік лицензия талап етілген. Осылайша жаңа заңнамаға сай бұл талаптың жойылғанына қарамастан шенеуніктер әлеуетті компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігін шектепті.

Айта кетейік, былтырдың осы кезеңімен салыстырғанда облыстағы криминогендік жағдай тіркеген қылмыстар санының 10,6 пайызға өсуімен сипатталып отыр. Есесіне аса ауыр қылмыстар санының 23,6 пайызға төмендегені байқалады. Атап айтқанда, кісі өлтіру – 45, қарақшылық – 34, зорлау деректері- 30, бұзақылық әрекеттер 13 пайызға азайған.