Шардарада жаңа мектеп салынды

Шардарада жаңа мектеп салынды

Шардара ауданында үш ауысымды және апатты мектеп жоқ. Биыл екі мектеп күрделі жөнделіп, қосымша ғимараттар пайдалануға берілмек. Солардың бірі – Тұрысбеков ауылды округіндегі 460 балаға білім беретін жалпы орта мектеп.

Шардарада жаңа мектеп салынды

Абылай Әлімбетов атындағы мектептің тарихы 1926 жылдан басталады. Аудандағы ең көне мектептердің бірі. Кезінде жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың қабырғасы әлі де мықты. Бірақ, типтік ғимарат болмағандықтан, көп тұс қаралмаған.

мектеп директоры: «Ары кетсе 15-16 бала сияды мұнда, бұл – ең үлкен бөлмеміз. Соның өзі осындай. Спортзал болмаған мектепте. Амал жоқ, балаларды оқытатынбыз. Енді бастауышты осында қалдырып, жоғары сыныптарды жаңа мектепке жібермекпіз.»

Жанат Сапаров бұл мектепке соңғы 7 жылдан бері басшылық етеді. Қыр-сырына қанық. Былтыр басталған қосымша ғимараттың басында өзі жүр. Қуанғанынан жаңа ғимараттың барлық тұстарын өзі көрсетіп шықты.

Мектеп құрылысына облыс бюджетінен 385 млн теңге бөлінген. Аудандағы биылға қаралған қосымша ғимарат осы білім ордасына қарасты. Құрылысшылар жаңа мектептің жабдықтарына дейін қамтып, орнатып беруі тиіс.

Отандық құрылыс материалдары пайдаланылып, арнайы жиһаздармен жабдықталатын мектеп жаңа оқу жылында балаларды қабылдайды.