Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіні пайдалануды үйренуде

453
Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіні пайдалануды үйренуде

Оңтүстіктің мемлекеттік қызметшілері әлеуметтік желіні пайдалануды үйренуде. Осыған орай облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Оны тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіні пайдалануды үйренуде

Семинарға барлық аудан, қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары мен әлеуметтік желіге жауапты мамандары, әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Жиында әлеуметтік желінің жастар арасында кеңінен таралып, маңызды рөл алуына байланысты мемлекеттік мекемелерде жаңалықтар мен хабарландырулардың жедел жетуін және ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру, артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру, оны тиімді пайдалану жолдары насихатталды. Ақпараттар ағыны тасқындаған заманда әрбір әлеуметтік желіні қолданушы қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі керегі айтылды.

Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желіде ақпарат тарату белсенділігінің рейтингін құру және және klout сайты туралы белгілі блогер, ОҚО журналистер мен блогерлер клубының мүшесі Асхат Шотаев сөз қозғап, желілерде жазбаларды қай уақытта жариялау керегі мен пайдаланушыларды тарту, оны бөлісуге ынталандыру, көп лайк жинау мен пікір жазуға қызықтыру сынды тиімді тұстарға тоқталды.

Айта кету керек, жыл басынан бері, облыстық жастар ресурстық орталығы жоғары және орта арнаулы 22 оқу орны мен 5 аудан, қала орталығында жастарға арнап дәл осы тақырыпта семинар-тренингтер өткізді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.