Оңтүстікте із-түссіз жоғалған келіншектің денесі табылды

344
Сарыағашта 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

Оңтүстіктің полицейлері із-түссіз жоғалған Нұрипа Құрбанованың денесін тапты. Қазір марқұмның өліміне күдікті ретінде 27 жастағы күйеуі қамауға алынған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сарыағашта 27 жастағы келіншек жоғалып кетті

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 11 тамызы күні Сарыағаш аудандық ішкі істер бөліміне 27 жастағы жергілікті тұрғын өзінің әйелі, 1989 жылы туылған Құрбанова Нұрипа Талғатқызы үйінен Шымкент қаласы бағытына шығып, қайта оралмағаны туралы арызданған болатын. Осыған орай Құрбанова Нұрипаны іздеу жұмыстары қолға алынып, криминалды полиция басқармасының және Сарыағаш ауданының тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Осы іздеудің нәтижесінде Құрбанова Нұрипаның із-түссіз жоғалуына оның күйеуінің қатысы болуы мүмкін деген күдік туады. Соңында күдікті өз кінәсін толық мойындап, әйелінің мәйіті жатқан жерін көрсетті.

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 99-бабымен (адам өлтіру) іс қозғалып, күдікті тергеу абақтысына қамалды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Қылмыстың орны алу себептері мен барысы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.