Шымкентте сауда орталығында майдың жануы әбігерге түсірді

306
Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы әбігерге түсірді

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы халықты әбігерге түсірді. 10 тамыз күні кешкісін «Фиркан-Сити» сауда-ойын-сауық орталығына келгендер ғимараттан тез арада сыртқа шығуға мәжбүр болды.

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы әбігерге түсірді

Себеп – бірінші қабаттағы бөлмелердің бірінен қою көк түтін шығып жатыр. Соның салдарынан өрт қауіпсіздігі желісінің дабылы  іске қосылып кетті. Оқиға орнына тез арада бірнеше арнайы техникаға мінген ондаған өрт сөндіруші келді.

Шымкентте сауда орталығындағы майдың жануы әбігерге түсірді

Анық болғаны, асханадағы газда тұрған май жанған. Отты қызметкерлер өздері сөндіріп үлгерді. Дегенмен, кинотеатрдағы сеанс біраз уақытқа тоқтатылып, кейін қайта қосылды және қыдырып келушілер де серуендеуге кірісті.