Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

410
Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

Шымкенттегі Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді. Бұған дейін қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындарымен кездесу барысында осы өткелді жөндеу қыркүйектің басына дейін бітетінін айтқан болатын.

Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен құны 1 млрд 142 млн теңгеге бағаланған теміржол өткелінің бір бөлігіндегі құрылыс 95 пайызға аяқталды. Қазіргі таңда құрылысқа жұмсалатын қаржының 689 млн теңгесі игерілген.

Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

Мердігер «Береке» корпарациясы көпір құрылысының бір бағытындағы екі қозғалыс жолағының жұмысын тәмамдаған. Өткелдегі күрделі жөнделген аумақтың жалпы ұзындығы 170 метр болса, кіре беріс ұзындығы 253 метрді құрайды.

Қапал батыр көшесіндегі көпірдің бір жағы пайдалануға берілді

Бүгінде жолға асфальт-бетон төселінген. Сала мамандарының мәлімдеуінше, көпір құрылысының ең қиын сәттері артта қалыпты. Енді 2016 жылдың қараша айына дейін өткелдегі құрылысты толығымен аяқтап, қолданысқа береміз деп отыр.