Түркістандағы медициналық-әлеуметтік мекемені республикалық комиссия тексереді

213
Түркістандағы медициналық-әлеуметтік мекемені республикалық комиссия тексереді

Түркістандағы медициналық-әлеуметтік мекемені республикалық деңгейдегі мамандар тексереді. Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Оңтүстіктегі осы жағдайды анықтау үшін арнайы комиссияны жолдады. Осы аптада елдегі ақпарат порталдарында Түркістандағы әлеуметтік мекемеде ем қабылдап жүрген азаматтың анасы сол мекеменің жағдайын сынап, наразылық танытқан болатын. Енді ондағы жағдайды денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрлігінің арнайы комиссияны тексереді. Бүгін осы мәселе облыстық мәслихат депутаттарының да назарынан тас қалған жоқ.

Түркістандағы медициналық-әлеуметтік мекемені республикалық комиссия тексереді

Облыс мәслихатының әлеуметтiк-мәдени даму жөнiндегi тұрақты комиссиясында ғаламторға жария болған Түркістандағы медицианлық-әлеуметтік мекемедегі жағдай талқыланды. Мәжіліске арнайы шақырылған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева басқарма тарапынан қабылданған шараларға тоқталды.

Қазір медициналық-әлеуметтік мекеме ұжымы БАҚ-та шыққан мақалаларды талқылап жатыр. Тұрақты комиссия отырысына шақырылған мекеме басшысының орынбасары осылай дейді.

Депутаттар бұл жағдайға қайта ораламыз дейді. Ол жөнінде тапсырма да берілді. Денсаулық сақтау және әлеметтік даму министрілігінің өкілдерінен құралған арнайы топ тексеруін аяқтаған соң қорытысын жариялаймыз деп отыр. Осы тексеру үшін бас прокуратураға арнайы ұсыныс жасалды. Билік өкілдері олқылық анықталған жағдайда жауапты мамандарға шара көріледі дейді.