Отырар ауданында биыл 10 үй пайдалануға беріледі

609
Отырар ауданында биыл 10 үй пайдалануға беріледі

Отырар ауданында биыл 10 үй пайдалануға беріледі. Қараша айында тапсырылатын баспаналарда мемлекеттік бағдарлама аясында кезекке тұрған азаматтар тұрады. Қазір құрылыс 95 пайызға бітіп тұр дейді мердігерлер. Абаттандыру жұмыстары аяқталған соң тұрғындар жаңа қонысқа жайғаспақ.

Отырар ауданында биыл 10 үй пайдалануға беріледі

Үкіметтің жергілікті жерлерде тұрғындарды баспанамен қамту бағдарламасына сай Отырар ауданында құрылысы былтыр қазанда басталған үйлер таяуда пайдалануға беріледі. Ең бастысы, үйлердің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысы бүгінде толықтай аяқталған. Бес жылдық кепілдік мерзімімен берілгелі отырған баспаналарды тұрғызуға негізінен отандық материалдар қолданылыпты.

Отырар ауданында биыл 10 үй пайдалануға беріледі

Жері ойлы-қырлы болған соң «Мың шұқыр» аталып кеткен елдімекен кезінде ешкімге қажетсіз болып қалған еді. 2014 жылы мұнда су, жарық желілері тартылып, былтыр 10 үйдің құрылысы қолға алыныпты. Жергілікті тұрғындар енді бұл аумақ көріктеніп, өз алдына бір қауым ел болатын болды деп қуануда.

Бүгінде Отырар ауданында 500-ден аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл аяғына дейін оның жүзден астамы жайлы пәтерлерде қоныс тойын тойлайды.

Жергілікті шенеуніктердің сөзіне сенсек, ауданда келесі жылы тағы 10 үйдің құрылысы басталмақ. Қазір жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр. Егер қаржы бөлуде күрделілік туындамаса, отырарлықтар бірер жылдың ішінде басты мәселе – баспананың жайы толықтай шешіледі деп отыр.