Шымкентте бельгиялықтардың қатысымен онкологиялық орталық салынады

254
Шымкентте бельгиялықтардың қатысымен онкологиялық орталық салынады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Бельгияның ірі «Willemen Groep NV» компаниясының президенті Йохан Виллемен бастаған топты қабылдады. Келіссөздер барысында өңір үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары инвестициялық жобалар талқыланды.

Шымкентте бельгиялықтардың қатысымен онкологиялық орталық салынады

Нақты айтқанда, келіссөз нәтижесінде Шымкент қаласында онкологиялық орталықтың құрылысы жобасын әзірлеу туралы екіжақты келісімге қол қойылды. Бұл жобаның инвестициялық көлемі – 250 млн евро. Сыйымдылығы – 350 орындық.

Іскерлік кездесу барысында бельгиялық іскерлер Сарыағаш-Мақтаарал автожолының құрылысы және Шымкент әуежайы терминалын жаңарту жобалары бойынша жұмыс істеуге әзір екендерін білдірді.

Кездесу соңында өңіріміздің басшысы жобаларды әрі қарай іске асыру мақсатында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. «Willemen Groep NV» – Бельгияда көптеген жылдар бойы тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, автожолдардың және медициналық нысандардың құрылысымен айналысқан компания.