Жекеменшік теміржолдар тексеріледі

290
Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол
Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол
Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол
Шымкент. Пойыз апаты (мұрағат)

Соңғы 2 жылда облыста теміржолдан вагонның шығып қалу оқиғасы жиілеп кетті. Бұл туралы облыстық көліктің бақылау инспекциясының бөлім бастығы Сапарбек Тұрдалин мәлімдеді.

Егер 2014 жылы мұндай келеңсіз жағдай мүлде тіркелмесе, 2015 жылы бір вагон рельстен шығып кеткен. Ал 2016 жылдың 9 айында 7 факті тіркеліп үлгерді. Оның ішінде бір рет вагон адамды басып кетсе, тағы бір жағдайда өрт шыққан.

Бүгінде өңірде 246 жеке кәсіпкер өз пайдасы мақсатында теміржол қызметін қолданады. Енді олар шойын жолда тіркелген оқиғаларға байланысты жауаптан жалтара алмайтын болды.

Өйткені мұндай келеңсіздіктердің басым бөлігі теміржол иелерінің қауіпсіздікке тиісті көңіл бөлмегенінен дейді жауапты мамандар. Сондықтан жекеменшік пойыз жолдарын қатты қадағалаймыз деп отыр. Тиісті тексерулер жақында басталады.