«Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі»: мемлекеттік шекара күні

829

23 қараша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күннің аясындағы мемлекеттік шекара күні ретінде атап өтілді. Осыған орай Шымкенттің рухты жас өрендері арасында «Мен – өз Отанымның батыл қорғаушысымын!» атты әскери-патриоттық сайыс өтті.

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

Ауған соғысының ардагерлері мен білім бөлімі қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен іс-шараға қала мектептерінен 150-ге жуық оқушы қатысты. Жастар сақадай сай бой түзіп, жарысқа дайындығын көрсетті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген шекарашылар күніне арналған мерекелік шараға құрметті азаматтар мен зиялы қауым өкілдері келді.

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

Бұл сайысқа Шымшаһардағы 115 мектептің жасөспірімдері арасынан мықтылары іріктеліп келіп отыр. Осылайша 11 мектептің жоғары сынып оқушылары өзара бақ сынасты. Олар саптық байқау, автоматты белгілі бір уақытта ашып-жинау, алғашқы көмек көрсету, арқан тарту бойынша сынға түсті. «Мен – өз Отанымның батыл қорғаушысымын» сайысында жас жауынгерлер, алғашқы әскери дайындықтарын шыңдау мен қару-жарақты қолдану әдістерін үйренді.

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен сайыс тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген шекарашылар күніне орай өтті. Өскелең ұрпақты Отан қорғауға дайындау, әскерге деген қызығушылығын арттыруды көздеген жарысқа ауған соғысының ардагерлері мен шекара қызметкерлері төрелік етті. Сондай-ақ, құрметті азаматтар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

 

 

Әскери-патриоттық сайысқа 150-ге жуық оқушы қатысты. Жарыста жеңізпаз атанған жас жауынгерлерге Құрмет грамоталары мен кубоктар, бағалы сыйлықтар табысталды. Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігі көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

"Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 негізі": мемлекеттік шекара күні

Гүлжан Байназарова