Балабақшаға немесе мектеп кезегіне электронды түрде тіркелуге болады

591
Созақтағы Абай ауылында балабақша мен мектеп ашылады

Білім саласындағы жаңалық! Оңтүстік тұрғындары енді перзенттерін балабақшаға немесе 1 сыныпқа электронды түрде тіркей алады. Шымкентте таяуда ашылған фронт-офисте білім реформасына қатысты үш жоба таныстырылды.

Созақтағы Абай ауылында балабақша мен мектеп ашыладыБілім жүйесін автоматтандыруға қатысты бұл жобалардың негізгісі — сәбиді балабақшаға, ал оқушыны 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жүйесі болып отыр. Яғни, бұған дейін перзентіңізді балабақша кезегіне қою үшін құжат жинап, талай мекеменің табалдырығын тоздырған болсаңыз, енді мұның бәрін үйде отырып жүзеге асыруға болады. Жауапты мамандар бұл жаңашылдықтар білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалып отыр дейді.

Қазіргі таңда перзентіңізді балабақша немесе мектеп кезегіне қою үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Немесе электронды үкімет порталында тіркеуге болады. Өтінімдер білім бөліміне келіп түскеннен кейін ғана арнайы комиссия балабақшаға жолдама беруді қарастырады. Ал қолданысқа енгелі отырған сәбиді балабақша мен оқушыны 1 сыныпқа электронды түрде тіркеу мен қабылдау жүйесінде осы жұмыстың барлығы адамның қатысы болмайды, автоматты түрде жүзеге асады.

Евгений Щербаков, КДС «Азия» компаниясының өкілі: «Бұл сайтта барлық балабақша туралы жеке-жеке мәлімет, фотосуреттері мен ондағы кезек санын, өз кезегіңіздің нөмірі мен өтінімнің жағдайын көре аласыз. Жобаның басты артықшылы сол — өтінімдер тоқсан сайын емес, күн сайын қаралып, реттеледі. Және хабарландырудың бәрі де телефон нөміріне смс түрінде келеді.»

Арнайы сайтқа ұялы телефон нөмірімен тіркеле аласыз. Яғни, ата-ана ретінде сайтқа тіркелу үшін телефон нөмірді және электронды поштаны енгізесіз. Сізге арнайы растау коды бар хабарлама түседі. Кодтарды енгізгеннен кейін ата-ана және бала туралы мәлімет толтыру жолағы ашылып, аты-жөні мен жсн нөмірі сұралады. Содан кейін балабақшаны таңдап, бар болса жеңілдіктерді растайтын құжатты жүктеу керексіз. Өтінім осылайша жіберіледі. Ары қарай баланың жсн нөмірімен кезек туралы біліп отыруға не броньдалған орын нөмірін алып, балабақшаға баруға болады. Жауапты мамандар бұл жаңашылдық білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу үшін жасалып отыр дейді.

Айта кету керек, бұл пилоттық жоба желтоқсан айынан бастап 10 балабақшаға енгізіледі. Егер сәтті жүзе асып жатса, 2017 жылдың басынан барлық білім беру мекемелерінде ендіру жоспарланған.

Жәнібек Нұрыш