Көршілер құбыр алмастыруда келісе алмай отыр

338
Көршілер құбыр алмастыруда келісе алмай отыр

Еңбекші ауданында 526 көп қабатты үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алайда жылуды толық алмай отырған тұтынушылар бар. Себебі, олар тозығы жеткен жүйелерді жаңалауға көршісінің рұқсатын ала алмай әбігерге түсіп отыр.

Көршілер құбыр алмастыруда келісе алмай отыр

Күлсара Күлсымақова бесінші қабаттағы көршісіне өкпесі қара қазандай. Үйіндегі батареяға дейін жаңалаған зейнеткер ортақ тік құбырды алмастырудан бас тартқан көршісінің кесірінен бір бөлмемде жылуға жарымай отырмын дейді.

Тік құбыр жаңаланбаса, осындағы тұрғындар сапалы жылу ала алмайтыны жайлы көршісіне үй төрағасы Балтабай ақсақал айтудан жалықпайды. Алайда әйелдің көнетін түрі жоқ. Желеуі – шатырды алмастырғанда төменгі қабаттағылар қаржы тапсырмаған.

№39 үйден бөлек Еңбекші ауданында №39 үйдегі жылу жүйелеріне қызмет көрсететін «Пресс» ЖШС өкілі де егер жүйе толық жаңаланбаса, проблема шешілмейді дейді. Мердігер бұл үйлердегі жүйелер жазда сығымдаудан өткен, қазіргі таңда элеваторға дейін жылу келіп тұр. Температурасы да 72 тен асады дейді.

Ескірген жылу жүйелерін алмастыру жөнінде Еңбекші ауданы әкімдігі халықпен кездесу барысында үнемі түсіндіреді. Дегенмен, жүйені жаңалауға әрекет еткендер көршілерінің рұқсатын ала алмай әбігерге түседі.

Еңбекші ауданында 526 көп қабатты үй орталық жүйеден жылу алады. Олардың басым бөлігінде жылу жүйелері Кеңес одағы кезеңінен жаңаланбаған. Жүйені алмастыруда тұрғындардың өздері бір келісімге келмесе, бұл мәселе шешілетін түрі жоқ. Айтпақшы заңгерлердің кеңесі бойынша мұндай дау сотта қаралады.