Мемлекеттік баспанаға құжат қабылданады

216
Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы пәтер алып беремін деп жұртты сазға отырғызып кеткен алаяқтардың бары мәлім болды

Баспана кезегінде тұрғандар назарына! Шымкентте «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі» мен «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан берілетін пәтерлерге құжат қабылдау басталды.

«Тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі бойынша әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты, 216 пәтерлі үйге құжат 28-29 қараша күндері, ал «Самұрық-Қазына» қоры арқылы Тұран шағынауданы 321 пәтерлі үйге құжаттар 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында қабылданады.

Өтінімдердің «E-gov» порталы арқылы тіркелуін әр қатысушы өзінің электронды-санды қолтаңбасы арқылы қамтамасыз етеді. Құжат қабылдау бойынша кеңес халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде – Желтоқсан көшесі, 18-үй, №203 кабинетте беріледі.