Ордабасы ауданында жексенбі күні ірі жол апаты болды. Бөген ауылынан Төрткүлге барар жолда Фольцваген Пассат көлігі Тойота Раф-4-ке соғысқан.
Жолдың тайғақтығына қарамастан Пассат көлігінің жүргізушісі үлкен жылдамдықпен қарсы бетке шығып, жол ережесін бұзған дейді Тойотаның жүргізушісі. Соның салдарынан Фольцваген көлігінің үш жолаушысы да оқиға орнында көз жұмды. Марқұм болған әйелдердің үшеуі де Түркістанның тумалары екені анықталған.
Ал жеңіл көліктің 1974 жылғы жүргізушісі дене жарақаттарымен Ордаасы аудандық ауруханасына жеткізілген.