Шымкентте «AgriTek — 2016» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

482
Шымкентте «AgriTek - 2016» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

Оңтүстік Қазақстанда «AgriTek Shymkent — 2016» V халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі жұмысын бастады. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ауыл шаруашылығы саласы маңызды болып табылатын өңір үшін мұндай көрмелерді ұйымдастырудың қажеттігіне тоқталды.

Шымкентте «AgriTek - 2016» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

— Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы ауыл шаруашылығы саласының локомативіне айналып келеді. Соңғы 3 жылда бақша дақылының жыл сайын жиналатын көлемі 1 млн тоннадан асады. Республикадағы жылыжай шаруашылықтарының 87℅ біздің өңірде орналасқан. Облыс республика бойынша мақта көлемінің 100℅, жүзім мен бақша дақылдарының 70℅ бізде жиналады, — деді Жансейіт Түймебаев.

Шымкентте «AgriTek - 2016» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтуде

Халықаралық көрмеге Қазақстаннан бөлек Ресей, Түркия, Германия, Испания, Ұлыбритания сынды оннан астам елден келген компаниялар келушілерге өз өнімдерін ұсынды. Атап айтқанда, шараға қатысып жатқан 50-ден астам компания өкілдері ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды кәсіпкерлерге кеңінен таныстырды.

Көрмені аралап шыққан облыс әкімі отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне айрықша көңіл бөліп, оны өткізудің түрлі жолдарын қарастыру арқылы сауда-саттықты жандандыру қажеттігін айтты.

Жалпы, биыл аймақтағы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру нәтижесінде 1991 жылмен салыстырғанда бау-бақша дақылының егіс алаңы 49 мың гектарға ұлғайып, 59 мың гектарды құрады. Яғни, көкөніс көлемі 27 мың гектарға көбейіп, 40,4 мың га болды. Сондай-ақ, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің егістік алаңы 30 мың га жетті.

Биылғы маусымда жиналған жеміс-жидектің түсімділігі гектарына 85 центнер болса, жүзім әр гектардан 1 тоннадан жиналды. Жалпы жиналған жеміс-жидек көлемі 126 мың тонна, ал жүзім 63 мың тоннаны құрады.

Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме 11 қарашаға дейін жалғасады.

Дереккөз: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі