Мердігер: «Тәуке хан даңғылындағы жөндеу биыл аяқталмайды»

397
Мердігер:

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталмайды. Келесі жылға өтпелі құрылыстардың қаратына енді. Алты ай бойы жол жөндеумен айналысқан мердігерлер құрылыстың созылып кету себебін әуел баста жоспарланған жұмыста болған жиі өзгерістермен байланыстырып отыр.

Мердігер: "Тәуке хан даңғылындағы жөндеу биыл аяқталмайды"

Құрылыс мердігері «Береке А» корпорациясы басшыларының айтуынша, құрылыс барысында көптеген өзгерістер орын алған. Алғашында жолды жөндеу жұмыстарына 337 млн теңге қаралса, кейін ол сомма өзгерді. Нәтижесінде қосымша жұмыстар пайда болыпты.

Мердігер: "Тәуке хан даңғылындағы жөндеу биыл аяқталмайды"

Тәуке хан даңғылын жаңарту жұмысын екі мекеме атқаруда. Даңғыл қаланың қақ орталығында орналасқандықтан, шаһар басшылары оны барынша айшықтап, әсем әрі көркем етуді көздеп отыр. Ал жерлестеріміз болса көше бойына көбірек көшет егілсе дейді.

Мердігер: "Тәуке хан даңғылындағы жөндеу биыл аяқталмайды"

Ұзындығы 2 шақырымға жуық жолды жөндеу жұмысын «Береке А» корпорациясы тамыз айында бастаған. Бүгінгі таңға дейін алғашқы қаралған 337 млн теңге толығымен игеріліпті. Құрылысқа тапсырыс беруші әкімдік өкілдері бұл нысанды келесі жылға өтпелі құрылыстың қатарына қоспақ. Ал биылғы қыс айында атқарылған жұмыстың сапасы алдағы көктемде белгілі болады.

Мердігер: "Тәуке хан даңғылындағы жөндеу биыл аяқталмайды"

Нұрлан Жаңабай