«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында дауыс беру аяқталып келеді

271
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында дауыс беру аяқталып келеді

Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жарияланған дауыс берудің аяқталуына санаулы күндер қалды. «Бәйтерек Девелопмент» желісі бойынша құрылысты қолға алған қаржылық институт Тұран, Тұлпар шағынаудандары мен Төлеметов көшесінде орналасқан көп қабатты үйлерді келер жылы пайдалануға береді. Бұл ретте банк салымшыларына төмен пайызбен несие алу мүмкіндігі туып отыр.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында дауыс беру аяқталып келеді

Дауыс берудің бірінші кезеңі 10 желтоқсанда аяқталды. Олар Тұран, Тұлпар шағынауданы мен Төлеметов көшесінде орналасқан бес және тоғыз қабатты үйлер. 1352 пәтер келер жылы мамыр айына дейін ел игілігіне тапсырылмақ.

Гүлнәр Дәрібаева, бұйыртса, осындай мүмкіндікке қол жеткізгелі отыр. Бес жылдан бері табысының бір бөлігін депозитке салып келген салымшы конкурсқа қатысып, айы оңынан туып отыр.

Айта кетейік, соңғы он жылда 3 мыңнан аса отбасыға баспана кілтін табыстаған «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» енді өз салымшыларын пәтерлердің жобасын бірге таңдасуға қатыстырып отыр. Бүгінде жалпы аумағы 67 мың шаршы метр болатын 1176 пәтерге дауыс беру жалғасуда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша берілетін баспаналарды үлестірудегі артықшылық – салымшылар пәтер бағасының 30 пайызын жинаса болғаны. Мемлекеттік бағдарламаға басында баспанасы бар азаматтардың да қатысуына болады.

Айта кетейік, Шымкенттегі Тұран мен Тұлпар шағынауданында және Түркістан қаласында 18 көп қабатты үй бой көтереді. Ал «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша өңірде 2017-2018 жылдары 2 жарым мыңнан аса пәтер ел иігілігіне тапсыралатын болады.