Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

403
Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

Шымкентте 900 пəтерді құрайтын 30 көп қабатты үй тұрғындарға беріле басталды. 2015 жылы Асар шағынауданында 5 қабатты 30 үйдің құрылысы басталған болатын. 900 пәтерді құрайтын жаңа үй құрылысына 7 миллиард 652 миллион теңге жұмсалды.

Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

Бүгінде үйлердің құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды қоныстандыру басталды. Жаңа жылдың алдында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қуанышқа кенелген ең алғашқы 42 отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

– Тұңғыш Президентіміздің көшбасшылығымен Қазақстан – жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асырып жатқан санаулы мемлекеттердің бірі. Шымкент қаласында «Өңірлерді дамыту – 2020» және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының аясында 2015-2016 жылдары 82 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 5636 отбасы жаңа баспаналарда қоныс тойларын тойлады, – деді облыс басшысы.

Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

Аймақ басшысы биыл облысымызда 80 мыңға жуық сәби өмірге келгеніне тоқталып, үй салу жұмысы алдағы жылы да қарқын алатынын жеткізді. Сондай-ақ жаңа пəтер иелерін аулаларды көгалдандыру мен тал егу жұмыстарына белсенді түрде қатысуға шақырды.

Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

Айта кетейік, Асардағы 5 қабатты 30 үйді «Корпорация АҚ ордасы» салған. Жаңа пәтерлер тұрғындарға жалға алу құқығымен ұзақ мерзімге беріліп отыр. Мұндағы 90 пәтердің бір бөлмелісі – 42, екі бөлмелісі – 54, үш бөлмелісі 74 шаршы метрді құрайды.

Шымкентте 900 пəтер иелеріне беріле басталды

Айта кетейік, Асар шағынауданынан пайдалануға берілетін 900 пәтерді жалға беру жүйесі бойынша «E-gov» порталы арқылы 4076 өтініш қабылданған.