Түлкібас ауданында жоғалып кеткен адам табылды

280
Құтқарушылар дайындалып жатыр

Оңтүстіктің құтқарушылары осы демалыс күндері қарбалас жұмыста болды. Түлкібас ауданында жоғалып кеткен адам табылды. Құтқарушыларға жергілікті тұрғындар хабарласып, көмек сұраған.

Қоңырау шалғандардың айтуынша, 23 желтоқсан күндіз Қақпақ баба ауылының 21 жастағы жігіт жоғалған үш жылқысын іздеп, тауға кеткенін хабарлаған. Күндіз ол туыстарына хабарласып, жылқыларын таппағанын, өзі адасып кеткенін айтыпты.

Көрсетілген мекенжайға тез арада 6 құтқарушы арнайы техникамен аттанады. Адасқан жігіт 24 желтоқсан күні таңертең табылды.