Қала аумағына жаңа қосылған аулалар жаңаруда

257
Қала аумағына жаңа қосылған аулалар жаңаруда

Шымкент шаһарына жаңа қосылған елдімекендерді қалаға кірістіру жұмыстары қарқын алды. 2016 жылы осы мақсатта Жаңаталап, Қызылжар елдімекендерінде «Жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 13 аула абаттандырылып, көпшіліктің игілігіне табысталды.

Қала аумағына жаңа қосылған аулалар жаңаруда

Бүгінде әсемдігімен көз тартарлық бұл аулалардың орындары бұрын қаңырап бос жатқан. Көп қабатты үй тұрғындарының айтуынша, мұнда ауыл малдары жайылып, иттер өріп жүрген екен. Енді, міне, республикалық бюджетен бөлінген 162 млн теңге игеріліп, аула адам танымастай құлпырды.

2016 жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Енді аудан әкімдігі осы қыруар қаржыға жасалған дүниені күтіп-ұстау мәселесін қарастырып жатыр.

Жалпы, өткен жылы Абай ауданы бойынша 50 аула абаттандырылыпты. Соның нәтижесінде ауданда бар 258 ауланың 176-сы жаңарып отыр.

Нұрлан Жаңабай