Ахмет Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

774
Ахмет Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

Бүгін Әл Фараби ауданы әкімінің халық алдындағы есеп беруі аяқталды. Кездесуге қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та арнайы қатысып, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап беруге тырысты.

Ахмет Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

Алдағы уақытта Шымкенттің орталық көшелерінде үлкен өзгерістер орын алмақ. Бұған дейін Тәуке хан даңғылы күрделі жөнделсе, алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов көшесі қайта құрылудан өтеді. Жаңарған жақсы, бірақ, көпшілікті құрылыс барысында қырқылатын ағаш пен бұзылатын ғимараттар алаңдатып отыр.

Ахмет Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

Ал Шымкенттің әкімі жол бөлігін кеңейту жұмыстары барысында жарамсыз ағаштар кесіліп, қалған ағаштар арнайы техника көмегімен қаланың басқа аумағына отырғызылатынын айтты. Осылайша қала тұрғындарының бұл мәселеге түсіністікпен қарауын сұрады.

Ахмет Байтұрсынов көшесі кеңейтіледі

Шаһар басшысы, сонымен қатар, өз сөзінде 2017 жылы Cәуле шағынауданында 1200 орынды білім ұясының құрылысы аяқталатынын, Қарасу шағынауданы аумағынан Отбасы саябағы салынып, қала тұрғындарының пайдалануына берілетінін жеткізді.

Әл Фараби ауданы аумағының басым бөлігі қала орталығын қамтиды. Сол себепті мұнда жарық, көгілдір отын және су мәселесі толықтай шешілген деуге болады. Десе де, осы ауданға Сайрам және Төле би аудандарынан қосылған елдімекендерде күрмеуі көп мәселе жеткілікті.

Осылайша жиында қала және аудан әкімдері көпшіліктің сауалдарына барынша жауап беруге тырысты. Ал уақыт тапшылығына байланысты өз сауалдарына мардымды жауап ала алмаған ағайынды қала әкімі жеке қабылдап, мұқтажын тыңдауға уәдесін берді.

Нұрлан Жаңабай