Мектеп медбикелері денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтті

1666
Мектеп медицинасы денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтті

Мектептегі медбикелердің жұмысын енді денсаулық сақтау басқармасы бақылайтын болады. Бұған дейін бұл қызметкерлер білім бөлімінің қарамағында болып келген еді. Жаңа өзгеріске сай білім ұяларындағы медицина мамандарының қызметі де өзгеріске ұшырап отыр.

Мектеп медицинасы денсаулық сақтау басқармасының қарамағына өтті

Бұл өзгеріс мектептегі медицинаның сапасын арттырып қана қоймай, ондағы медбикелердің жүктемесін де азайтпақ. Айталық, негізгі норматив бойынша мектепте жұмыс істейтін бір медбикенің қарауында 600 бала болуы тиіс. Қазіргі жағдай бо­йынша бір медицина қыз­мет­кері 3 мыңнан астам оқушыны қарауға мәжбүр.

Айта кетейік, мектеп медицинасын денсаулық сақтау бас­қар­масының қарауына беру кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Осыған сәйкес, мектептегі медицина қызмет­ке­рі­нің қызметтік міндеттері мен рөлі қайта қаралып, штаттық нормативтері есептеледі.