Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды

297
Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды

Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды. Бұған дейін полицияға 40 жастағы қала тұрғыны арызданып келіп, Нұрсәттегі үйдің ауласынан қызметтік Нексия көлігін белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан.

Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды

Шұғыл іздестіру нәтижесінде Қаратау ауданының полицейлері 51 жастағы Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Оның үйінен ұрланған көлік табылған. Ал кейінірек, тергеу барысында бұл күдіктінің тағы бірнеше көлік ұрлап кеткені анықталды.

Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды

Ұсталған азамат ұрлаған көлігінің кейбірін арзан бағаға сатқан. Ал көбісін бұзып, қосалқы бөлшектерін сатып отырған екен. Қазір осы фактілер бойынша қылмысты іс қозғалды.

Шымкентте бірнеше көлік ұрлаған азамат ұсталды